Құрғақ сору
- Құрғақ әдіспен сору алдында сүзгі, контейнер мен сору керек-жарақтары құрғақ болғанына көз жеткізіңіз. Ылғалды бөлшектерге шаң басылып, қабыршағы пайда болуы мүмкін.
Тоқыма сүзгі қабын (20) пайдалануға кеңес беріледі.
Жұмыс істеп тұрған электр құралдарынан шыққан шаңды сору (J суретін қараңыз)
- Ауа бөлмеге қайтып оралса, бөлмеде жеткілікті ауа алмасу дәрежесі болуы керек. Тиісті заңдарға назар аударыңыз.
Сорғышқа электр құралдарына арналған розетка (6) кіріктірілген. Бұл розеткаға сыртқы электр құралын жалғауға болады. Жалғанған электр құралының максималды рұқсат етілген қосылым қуатына назар аударыңыз.
Электр құралының аспирациялық келте құбырын және сорғыш шлангіні (23) тікелей немесе сору адаптері (27) арқылы жалғаңыз.
Сору адаптерін пайдалану кезіндегі нұсқау: сорғыш шлангіге аз ауа берілетін электр құралдарымен жұмыс істеген кезде, сору адаптерінің (27) сыртқы ауа саңылауы (34) ашық болуы керек. Осылайша сорғыштың және электр құралының жалпы қуаты жақсарады. Ол үшін сақинаны сыртқы ауа саңылауы (34) арқылы, саңылау барынша ашылғанша бұраңыз.
Автоматты түрде іске қосу/тоқтату құрылғысы сорғышты электр құралы арқылы автоматты түрде қосуға және өшіруге мүмкіндік береді:
- Автоматты түрде іске қосу/тоқтату құрылғысын қосу үшін жұмыс режимдерін ауыстырып-қосқышты (4) 1+ күйіне бұраңыз.
- Сорғышты қосу үшін жалғанғын электр құралын қосыңыз. Сорғыш автоматты түрде іске қосылады.
- Электр құралын іске қосқаннан кейін, сорғыштың қосылғанына көз жеткізіңіз.
- Сору әрекетін аяқтау үшін электр құралын өшіріңіз. Автоматты түрде іске қосу/тоқтату құрылғысы қалған шаңды сорғыш шлангіден сорып алу үшін тағы бірнеше секунд жұмыс істейді.
- Сорғышты өшіру үшін жұмыс режимдерін ауыстырып-қосқышты (4) 0 күйіне бұраңыз.
Сүзгіні жартылай автоматты түрде тазалау
Сору қуаты бұдан былай жеткіліксіз болса, сүзгіні алмастыру керек.
Сүзгіні тазалау жиілігі шаң түрі мен көлеміне байланысты. Жүйелі түрде пайдаланылса, максималды қуат ұзақ сақталады.
Сорғышты қосыңыз (жұмыс режимдерін ауыстырып-қосқыш (4) 1 күйінде).
Тазалау нәтижесі оңтайлы болуы үшін, қондырма мен сорғыш шлангінің саңылауын алақанмен жабыңыз.
Сүзгіні жартылай автоматты түрде тазалау түймесін (11) кемінде 5 рет дәйекті түрде басыңыз. Сүзгі қатты ауа ағыны арқылы тазаланады.