Техникалық қызмет көрсету және тазалау

Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса, қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында жүргізілуі тиіс.

Сорғыштың корпусын мезгіл-мезгіл дымқыл шүберекпен тазалап тұрыңыз.

Жылына кем дегенде бір рет өндіруші немесе тапсырыс алған тұлға шаңға қатысты тексеру жұмыстарын орындауы қажет (мысалы, сүзгіде зақымдардың бар-жоғын, сорғыштың саңылаусыздығын және бақылау құрылғыларының ақаусыз жұмысын тексеру).

  • Денсаулыққа зиянды заттектермен жанасқан болуы мүмкін барлық бөлшектерді ластанған деп есептеңіз.
  • Сорғышты денсаулыққа зиянды заттектер бар аймақтан шығармас бұрын оның сыртын мұқият шаңсорғышпен тазалаңыз, сүртіңіз немесе саңылаусыз етіңіз.
  • Өзіңіз бен басқа адамдар үшін қауіп төнбеген жағдайда ғана сорғышты тазалаңыз, бөлшектеңіз және оған техникалық қызмет көрсетіңіз. Техникалық қызмет көрсету және тазалау кезінде жеке қорғаныс жабдығын киіп жүріңіз. Жұмыстарды жақсы желдетілген жерде өткізіңіз.
  • Сорғышты бөлшектемес бұрын алдымен оның сыртын тазалап шығыңыз.
  • Шаңсорғыштың тиісінше тазалау мүмкін болмайтын кез келген бөлшектерін өткізбейтін қаптарға салып кәдеге жаратыңыз. Бұл ретте осындай қалдықтарды кәдеге жарату бойынша қолданыстағы ережелерді сақтаңыз.
  • Жұмыстарды аяқтағаннан кейін техникалық қызмет көрсету аймағын тазалап шығыңыз.

Контейнерді (3) стандартты ысқаланбайтын тазалау құралымен тазалап кептіріңіз.

Сору қуаты сүзгі күйіне байланысты болады. Сондықтан сүзгіні (38) жүйелі түрде тазалап тұрыңыз.

Зақымдалған сүзгіні дереу алмастырыңыз.

  • Сүзгіні жартылай автоматты түрде тазалау процесін іске қосып, содан кейін сорғышты өшіріңіз.
  • Жапқыштарды (13) ашып, сорғыштың жоғарғы бөлігін (12) алып тастаңыз.
  • Сүзгі ұстағышының (35) тұтқасын (36) жайып ➊, сүзгі ұстағышын (35) тартып шығарыңыз ➋.
  • Сүзгіні (38) сүзгі ұстағышынан (35) шығарып алыңыз ➌.
  • Сүзгіні (38) жарамды қоқыс контейнерінің үстінен қағыңыз. Сүзгі пластиналарының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
    Қатты ластанған жағдайда, сүзгі пластиналарын сумен және жұмсақ шүберекпен тазалаңыз. Содан кейін сүзгіні жақсылап кептіріңіз.
  • Сүзгі (38) зақымдалған болса, оны алмастырыңыз.
  • Таза әрі құрғақ сүзгіні (38) сүзгі ұстағышына (35) салыңыз ➍.
  • Сүзгі ұстағышын (35) сорғыштың жоғарғы бөлігіне орнатып ➎, сүзгі ұстағышының (35) тұтқасын (36) тірелгенше жинаңыз ➏.
  • Сүзгі (38) мен сүзгі ұстағышының (35) дұрыс әрі берік орнатылғанын тексеріңіз.
  • Сорғыштың жоғарғы бөлігін (12) қайта орнатып, жапқыштардың (13) екеуін де шерту дыбысымен тірелгенше жабыңыз.

  • Контейнерді (3) босатып, тазалаңыз. Зең басудың алдын алу үшін сүзгі (38) мен сорғыштың іші құрғақ болуын қамтамасыз етіңіз.
  • Сорғыш шлангіні (23), қисайған қондырмасымен (28) сорғыштың жоғарғы бөлігін қоршап, ұстағыштарға (7) салыңыз.
  • Сорғыш керек-жарақты өзінің арнайы ұстағыштарына салыңыз: сору адаптері (27) мен сорғыш құбырларды (29)(17) ұстағыштарына, қуыс қондырмасын (30)(16) ұстағышына, еден қондырмасын (31)(18) ұстағышына.
  • Желілік кабельді қуыс қондырмасының ұстағышына (16) ораңыз.
  • Шаңсорғышты тасымалдау тұтқасынан (8) ұстап тасымалдаңыз.
  • Сорғышты құрғақ бөлмеге қойыңыз және рұқсатсыз пайдаланудан қорғаңыз.
  • Бағыттауыш роликті (1) бекіту үшін бағыттауыш ролик тежегішін (2) басыңыз.