Шлангіні монтаждау
Сору функциясы (E суретін қараңыз)
Монтаждау үшін сорғыш шлангіні (23) шланг бекіткішіне (5) салып, оны сағат тілінің бағытымен тірелгенше бұраңыз.
Бөлшектеу үшін сорғыш шлангіні (23) сағат тілінің бағытына қарсы тірелгенше бұраңыз да, шланг бекіткішінен тартып шығарыңыз.
Нұсқау: Соруда сору шлангында және жабдықтарында шаң үйкелісі арқылы электр заряд пайда болады, оны пайдаланушы статикалық тоқ ажыралуы арқылы сезуі мүмкін (қоршаған орта әсерлеріне және дене сезімдігіне байланысты).
Жалпы ретте Bosch антистатикалық сору шлангін (жабдық) майда шаң немесе құрғақ материалдарды соруда пайдалануды ұсынады.
Үрлеп шығару функциясы (F суретін қараңыз)
- Шаңсорғыш үрлеу қызметін орындай алады. Бос бөлмеге үрлемеңіз. Үрлеуде тек таза шланг пайдаланыңыз. Шаңдар денсаулыққа зиянды болуы мүмкін.
Үрлеп шығару шлангісін (24) монтаждау үшін ауа шығару қақпағының бекіткішін (14) басып, қақпақты ашыңыз. Үрлеп шығару шлангісін (24) шланг бекіткішіне (25), екі батырма (26) шерту дыбысымен ойықтарға кіргенше енгізіңіз.
Үрлеп шығару шлангісін (24) бөлшектеу үшін екі батырманы (26) ішке итеріп, үрлеп шығару шлангісін тартып шығарыңыз. Бекіткіш (14) ойыққа қайта кіріп кетуі үшін, ауа шығару қақпағын жабыңыз.