Қызмет көрсету және тазалау

Өлшеу құралын әр пайдаланудан бұрын тексеріңіз. Өлшеу құралының ішінде зақымдар немесе бос бөлшектер көрінетін болса, оның жұмысы сенімді болмайды.

Өлшеу құралын тек түпнұсқа орауыш сияқты арнайы қорап ішінде сақтаңыз және тасымалдаңыз.

Жөндеу үшін өлшеу құралын түпнұсқа орауышында жіберіңіз.

Өлшеу құралын таза ұстаңыз.

Өлшеу құралын суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз.

Ластанған жерлерді құрғақ, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз. Жуғыш заттарды немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз. Өлшеу құралын пайдаланбас бұрын өлшеу ұштықтарын (3) кептіріңіз.

Өлшеу ұштықтары (3) тозған немесе қатты ластанған болса, өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына жолығыңыз.

Өлшеу ұштықтарының үстіне жапсырма жабыстыруға болмайды.

Ауа ылғалдылығы мен температура датчигін (4) жаққышпен тазалауға болады.

Ауа ылғалдылығының датчигі негізінде еріткіштерге, желімдерге және жұмсартқыштарға сезімтал. Мұндай заттардың ұзақ мерзімді әсері өлшенетін ауа ылғалдылығында ауытқуларды тудыруы мүмкін.

Өлшеу құралын пластик қалтада сақтамаңыз, оның буы ауа ылғалдылығы мен температура датчигіне (4) зақым келтіруі мүмкін. Өлшеу құралындағы датчикке жақын жапсырма жабыстырмаңыз.

Өлшеу құралын ауа ылғалдылығы 30 және 50 % аралығынан тыс болатын жерлерде ұзақ уақыт сақтамаңыз. Егер өлшеу құралы тым ылғалды немесе тым құрғақ жерде сақталса, оны іске қосу кезінде, қате өлшеу әрекеттері орындалуы мүмкін.