Ауа ылғалдылығы мен температураны өлшеу
Өлшеу құралы қосылып тұрғанда, ауа ылғалдылығы (a) және қоршаған орта температурасы (b) ауа ылғалдылығы мен температура датчигі (4) арқылы үздіксіз өлшеніп тұрады.
- Өлшеу құралын өлшеу барысында өзіңізден және басқа адамдардан алшақ ұстаңыз. Дене жылылығы немесе тыныс алу ауасы өлшеу мәндерін бұрмалауы мүмкін.
Өлшеу мәндері өлшеу құралының жылжымағанына және өтпе желдің болмағанына қарамастан өзгерсе, ауа ылғалдылығы мен температура датчигі (4) қоршаған орта шарттарына сонда да бейімделеді. Өлшеу мәндерінің өзгеруі тоқтағанша күтіңіз.
Қажет болса, датчиктің акклиматизациясын жеделдетуге болады, ол үшін өлшеу құралын алға-артқа жылжытыңыз.