Материал ылғалдылығын өлшеу
<Pin> жұмыс режимінде ылғал үлесі өлшенетін нысанның электр тогын өткізгіштігі арқылы анықталады (қарсылықты өлшеу).
<Pad> жұмыс режимінде өлшеу құралы электрмагниттік сигнал жібереді. Бұл сигналдың өлшенетін нысанның материалы және оның ішіндегі су арқылы өзгеруі ылғал үлесін анықтау үшін қолданылады (сыйымдылықты өлшеу).
- Оңтайлы өлшеу нәтижелеріне, өлшенетін нысан үшін жарамды материал белгіленген кезде ғана қол жеткізуге болады. Материалдар өткізгіштігі мен тығыздығы бойынша, сондай-ақ электрмагниттік сигналдарды тарату сипаттары бойынша өзгешеленеді.
Өлшеу құралында әртүрлі сүрек пен құрылыс материалдары үшін параметрлер сақталған. Реттеулер қараңыз Мәзірлерге шолу мәзірінде бұрыннан бар материалдарды таңдаулыларға сақтап, стандартты экранда жылдам таңдау үшін қолжетімді етуге болады.
<Pad> жұмыс режимі орнатылған болса, өзіңіз анықтаған материалдарға қоса <Бастапқы режим> режимін таңдаулылар арқылы да таңдауға болады қараңыз Үлгілі мәнмен өлшеу (<Pad> жұмыс режимі).
- Ағымдағы уақытта белгіленген материал арнайы индикаторда (f) орналасқан.
- Басқа таңдаулы материалға ауысу үшін
түймесінің жоғарғы жағын басыңыз.
- Материал индикаторының (f) ашық фоны материал реттеуін өзгертуге болатынын хабарлайды.
түймесінің оң немесе сол жағын, қажетті материал көрсетілгенше басыңыз.
Материал индикаторының (f) ашық фоны өшіп қалады:
түймесін ортасынан басу арқылы немесе түймені соңғы рет басқаннан кейін бірнеше секундта немесе өлшеу әрекетін бастау кезінде.
Жадта сақталған әр материал үшін өлшеу мәні қай шектік мәннен бастап өлшеу мәнінің индикаторында (j) тым жоғары (қызыл) немесе жарамды (жасыл) ретінде көрсетілетінін белгілеуге болады.
Орнатуға болатын максималды шектік мән материалға байланысты:
Материал | Шектік мәндер диапазоны |
|---|---|
Барлық сүрек материалдары | 0% … 30% |
<Газды бетон> | 0% … 30% |
<Мауэрштейн>, <Гипс-қатырма>, <Гипс>, <Бетон толтырғышы>, <Бетондық тұтастырғы>, <Ангидрид тұтастырғышы>, <Цемент тұтастырғы>, <Цемент ерітіндісі>, <Цемент-әк езіндісі> | 0% … 10% |
- Ағымдағы уақытта таңдалған материалға (f) қатысты шектік мән арнайы индикаторда (g) пайда болады.
- Шектік мәнді өзгерту үшін
түймесінің төменгі жағын басыңыз.
- Шектік мән индикаторының (g) ашық фоны шектік мәнді өзгертуге болатынын хабарлайды.
түймесінің оң немесе сол жағын, қажетті мән көрсетілгенше басыңыз. Ұзақ басқан кезде, мән жылдамырақ өзгереді.
- Шектік мән ағымдағы материал үшін сақталып, материалды ауыстырғаннан кейін де қолжетімді болады.
Шектік мән индикаторының (g) ашық фоны өшіп қалады:
түймесін ортасынан басу арқылы немесе түймені соңғы рет басқаннан кейін бірнеше секундта немесе өлшеу әрекетін бастау кезінде.
Жалпы жағдайлар:
- Егер өлшенетін нысанға сырттай су тиген болса (мысалы, жаңбыр немесе конденсаттан), бұл өлшеу процесіне әсер тигізеді. Материал ылғалдылығын өлшеу мүмкін болуы үшін, суланбаған жағын таңдаңыз немесе өлшенетін нысанды қажетінше сүртіп құрғатыңыз.
- Мұздатылған материалды өлшеу мүмкін емес.
- Өлшеу нәтижесіне теріс әсер тигізбеу үшін, сүректе өлшенетін жер өңделмеген болуы және онда бұталар, кір, шайыр, шіріген жерлер, түйіндер мен басқа да кемшіліктер болмауы керек.
- Отын материалындағы ылғалдылықты өлшеу үшін алдымен сүрек сынамасын жаруға кеңес беріледі.
- Құрылыс материалдарындағы өлшенетін жерде кір болмауы керек. Атап айтқанда, үстіңгі беттегі тұздар өлшеу нәтижесін бұрмалауы мүмкін.
<Pin> жұмыс режимі:
- Өлшенетін нысанның температурасы қоршаған орта температурасына сәйкес болғанда, өлшеу дәлдігі максималды болады. Сондықтан өлшенетін нысанды температураға бейімдеңіз.
<Pad> жұмыс режимі:
- Датчик аймағынан (17) кіші нысандарды өлшеу мүмкін емес.
- Жалпақ өлшенетін нысандарды төсемеге қоймаңыз, әйтпесе төсеменің мәндері өлшеу нәтижесін бұрмалайды және өлшеу дәлдігін азайтады.
мысалы: қалыңдығы 20 мм ағаш тақтайша үстелге қойылып өлшенеді. Өлшеу тереңдігі 30 мм болғанда, өлшеу диапазоны 20 мм ағаш тақтайшасынан және 10 мм үстелден тұрады. Үстел мәндері өлшеу нәтижесіне әсер етеді. Егер ағаш тақтайша өлшеу барысында бос қалса, тек 20 мм ағаш тақтайша өлшенеді.
Өлшеу ұштықтарының (3) көмегімен өлшеу үшін <Pin> жұмыс режимі орнатылуы керек.
- Өлшеу алдында өлшеу ұштықтарының таза әрі құрғақ болғанына көз жеткізіңіз. Қажет болса, оларды шүберекпен құрғатып сүртіңіз.
- Егер өлшеу құралына шұғыл температура өзгерісінің әсері тиген болса, оны өлшеу алдында температураға бейімдеңіз.
- Қорғаныш қалпақшаны (1) өлшеу ұштықтарынан алып тастаңыз да, өлшеу құралының астыңғы ұшына орнатыңыз.
- <Pad> жұмыс режимінен <Pin> жұмыс режиміне ауысу үшін
түймесін басыңыз.
- Жұмыс режимінің индикаторында (c) <Pin> көрсетіледі.
- Индикаторда (f) дұрыс материалдың белгіленгеніне көз жеткізіңіз.
- Өлшеу ұштықтарын (3) өлшенетін нысанға кіргізіңіз. Оңтайлы өлшеу нәтижесіне, өлшеу ұштықтары өлшенетін нысанға шамамен 4−5 мм-ге (кертікке дейін) кіргізілген кезде қол жеткізуге болады.
- Өлшеу ұштықтарын өлшенетін нысанға салған кезде күш қолданбаңыз. Өлшеу құралын өлшенетін нысанға басқа заттардың көмегімен қағып кіргізбеңіз. Өлшеу құралы зақымдалуы мүмкін.
- Қажет болса, өлшеу ұштықтарын (3) өлшенетін нысанға солға-оңға жылжыту арқылы кіргізіңіз.
- Өлшенетін материал ылғалдылығы өлшеу мәнінің индикаторында (j) пайда болады.
Өлшеу мәні белгіленген шектік мәннен кіші немесе оған тең болса, ол жасыл түспен көрсетіледі. Өлшеу мәні шектік мәннен үлкен болса, ол қызыл түспен көрсетіледі.
- Өлшеу аяқталғаннан кейін, қорғаныш қалпақшаны (1) өлшеу ұштықтарына (3) қайта орнатыңыз.
Датчик аймағының (17) көмегімен өлшеу үшін <Pad> жұмыс режимі орнатылуы керек.
- <Pin> жұмыс режимінен <Pad> жұмыс режиміне ауысу үшін
түймесін басыңыз.
- Жұмыс режимінің индикаторында (c) <Pad> көрсетіледі.
- Индикаторда (f) дұрыс материалдың белгіленгеніне көз жеткізіңіз.
- Өлшеу құралын бүкіл датчик аймағымен (17) өлшенетін нысанға тигізіңіз.
- Өлшенетін материал ылғалдылығы өлшеу мәнінің индикаторында (j) пайда болады.
Өлшеу мәні белгіленген шектік мәннен кіші немесе оған тең болса, ол жасыл түспен көрсетіледі. Өлшеу мәні шектік мәннен үлкен болса, ол қызыл түспен көрсетіледі.
- Ағымдағы өлшеу мәнін жадқа сақтау үшін
түймесін ортасынан басыңыз. - Сақталған өлшеу мәні (i) ағымдағы өлшеу мәнінің үстінен пайда болады.
Ең көбі екі өлшеу мәнін сақтауға болады. Келесі рет әр сақтағанда, ескі мән автоматты түрде жойылады.
Сақталған өлшеу мәндерін
түймесін басу арқылы да қолмен жоюға болады (бұл ретте алдымен соңғы өлшенген мән жойылады).
Материалды ауыстырған және өлшеу құралын өшірген кезде, сақталған мәндердің екеуі де жойылады.
<Бастапқы режим> режимінде өлшеу, мысалы, өлшенетін нысанның материалы белгісіз болғанда немесе бір жазықтықтың бөліктері оның басқа бөлігінен ылғалды немесе құрғақ болғанын бағалау керек болғанда пайдалы.
Үлгілі режимде өлшеу мәнінің индикаторында (j) ешқандай өлшеу мәні көрсетілмейді, алайда өлшеу нәтижесі шектік мән жолағында (h) белгі ретінде көрсетіледі.
Шектік мән сандық мән ретінде орнатылмайды, бірақ үлгілі өлшем ретінде анықталады. Мысалы, қабырғаның нақты құрғақ аймағын немесе белгісіз түрдегі сүректің құрғақ бөлігін өлшеуге болады.
- Үлгілі режимде өлшеу үшін <Pad> жұмыс режимі орнатылуы керек.
- Үлгілі режимді іске қосу үшін
түймесінің жоғарғы жағын басып, таңдаулы материалдың орнына <Бастапқы режим> режимін таңдаңыз. - Дисплейде жыпылықтайтын үшбұрыштың жанында <Орнатылған анықт. нүкте> пайда болады.
- Үлгілі режимді растау үшін
түймесін ортасынан басыңыз. - Өлшеу құралын бүкіл датчик аймағымен (17) төмендегі өлшеу әрекеттері үшін үлгілі бөлшек ретінде қолданылуы керек материапға тигізіңіз.
- Үлгілі бөлшектің ылғалдылық мәні шектік мән ретінде сақталады. Үлгілі мәннің сақталуы дисплейде расталады.
Төмендегі барлық өлшеу әрекеттерінде белгінің шектік мән жолағындағы (h) күйі ағымдағы өлшенетін нысанның үлгілі нысаннан қаншалықты құрғақ немесе ылғалды екендігін көрсетеді.
- Жаңа үлгілі мәнді анықтау үшін
түймесін ортасынан немесе
түймесін басыңыз. - Содан кейін дисплейдегі нұсқауларды орындаңыз.
- Үлгілі режимді аяқтау үшін
түймесінің жоғарғы жағын басып, басқа материалды орнатыңыз.
Үлгілі мән жадқа сақталмайды.
Өлшеу бойынша жалпы нұсқаулар:
- Әрдайым бірнеше жерде өлшеңіз. Ылғалдылық өлшенетін нысанда әртүрлі үлестірілуі мүмкін.
- Өлшеу құралы өзінің жұмыс қағидасына байланысты ылғалдылықты шамамен ғана анықтай алады (әсіресе құрылыс материалдарында). Жоғарырақ өлшеу дәлдігімен мәндер қажет болса, өлшеу әрекетін кальций карбидімен құрғату немесе пеште құрғату әдісімен орындаңыз.
<Pin> жұмыс режимінде өлшеу:
- Өлшеуді бұрмалауы мүмкін температура немесе ылғал көздерін (мысалы, қол) өлшеу ұштықтарынан (3) алшақ ұстаңыз.
- Өлшеу әрекеті өлшеу ұштықтары (3) өлшенетін нысанға тиетін аймақта ғана жүзеге асырылады. Тереңірек ылғалдылықты өлшеу мүмкін емес. Өлшеу ұштықтарының әртүрлі енгізу тереңдіктері өлшеу нәтижелеріне әсер етуі мүмкін.
<Pad> жұмыс режимінде өлшеу:
- Өлшеу құралын бүкіл датчик аймағымен (17) өлшенетін нысанға мүмкіндігінше тегіс жатқызып қойыңыз.
- Өлшеу әрекеті датчик аймағының (17) астында максималды өлшеу тереңдігіне дейін жүзеге асырылады. Өлшеу құралы көрсетілген өлшеу мәнінің (j) осы өлшеу диапазонында бөлек мәндерден есептеледі. Өлшеу құралына жақын орналасқан өлшенетін нысанның қабаттары өлшеу мәнінде тереңірек орналасқан қабаттардан үлкенірек салмаққа ие.
- Өлшеу нәтижелеріне әсер тигізбеу үшін өлшеу барысында қолыңызды немесе басқа бөгде заттарды датчик аймағынан (17) алшақ ұстаңыз.
- Металдар және өлшенетін нысандағы электр өрістері өлшеу нәтижесін бұрмалауы мүмкін.
Құрылыс материалдары/негіздер бойынша өлшеу әрекеттері:
- Аралас материалдардан тұратын негіздерде немесе борпылдақ, үгілмелі негіздерде өлшеу кезінде жоғарырақ дәлсіздік күтілуі керек.
- Көрсетілген мәндер пайдаланылатын құрылыс материалына/өндірушіге және қоршаған орта шарттарына өте тәуелді. Күдіктенген жағдайда үлгі ретінде толықтай құрғақ жерді немесе бірдей материалдан тұратын жеткілікті үлкен құрғақ сынаманы пайдаланыңыз.
Сүрек бойынша өлшеу әрекеттері :
- <Pin> жұмыс режимі: сүрек талшығына кесе-көлденеңінен өлшеңіз. Талшыққа параллель немесе жылдық шеңберлер бойымен өлшеу нәтижесінде өлшеу мәндерінің жоғарылауы орын алуы мүмкін.
- Кесік жиектерінен кемінде 5 см аралықта өлшеңіз және өлшеу әрекеттерін алдыңғы жақтарда орындамаңыз. Сүрек жиектері мен алдыңғы жағынан аса тез кеуіп қалады.
- Сүректің сыртқы жақтарында өлшемеңіз. Жаңбырдан немесе шықтан бұл жерде су жиналуы және бұл жоғарырақ өлшеу мәндеріне әкелуі мүмкін.
- Өзектегі ылғал үлесі дәл сол сүректің шелқабығындағы үлестен өзгеше болуы мүмкін.
- Отын сүрегіндегі ылғалдылықты өлшеу кезінде жаңадан жарылған сүректі үш нүктеде өлшеген жөн: сол мен оң жақ кесік жиегінен 5 см аралықта және бөрене ортасында.
- Бұл материапдар табиғи болғандықтан, сүректің өлшеу үшін маңызды сипаттары өзгешеленуі және өзгеше өлшеу мәндеріне әкелуі мүмкін.
- Сүрек түріне сенімді болмасаңыз, (f) материал индикаторында <Құрылыс ағашы> опциясын таңдаңыз немесе <Pad> жұмыс режиміне ауысып, үлгілі мәнмен өлшеу әрекетін орындаңыз.