Заряд деңгейінің индикаторы
Дисплейдегі заряд деңгейінің индикаторы (d) (13) литий-иондық аккумулятор блогының немесе батареялардың заряд деңгейін көрсетеді:
Индикатор | Қуаты |
|---|---|
| 80−100 % |
| 60−80 % |
| 40−60 % |
| 15−40 % |
| < 15 % |
Литий-иондық аккумулятор блогы немесе батареялардың заряды төмен болса
, <Заряды төмен> деген хабар сары түсті күй жолағында (e) бірнеше секундқа пайда болады.
Заряд деңгейі аса төмен болса
, <Заряды өте аз> деген хабар қызыл түсті күй жолағында (e) бірнеше секундқа пайда болады. Сонан соң бос заряд деңгейінің индикаторы (d) қызыл түспен көрсетіледі. Өлшеу құралын әлі көп дегенде 15 минут ішінде пайдалануға болады.
Литий-иондық аккумулятор блогы немесе батареялардың заряды таусылған болса, <Заряды таусылған> деген хабар дисплейде бірнеше секундқа пайда болып, өлшеу құралы өшіп қалады.


