Литий-иондық аккумулятор блогымен жұмыс істеу
Литий-иондық аккумулятор блогын енгізу/алмастыру
- Литий-иондық аккумулятор блогына (13) арналған батареяларды алмастыру үшін батарея бөлімінің қақпағын (15) және салынған батареяларды алып тастаңыз.
- Литий-иондық аккумулятор блогын (13) енгізіп, бекіткішті (14) ойыққа кіргізіңіз.
- Литий-иондық аккумулятор блогын (13) шығару үшін бекіткішті (14) басыңыз да, литий-иондық аккумулятор блогын өлшеу құралынан шығарып алыңыз.
Литий-иондық аккумулятор блогын зарядтау
- Зарядтау үшін ұсынылатын USB қуат блогын немесе шығыс кернеуі және минималды шығыс тогы "Техникалық мәліметтер" тарауындағы талаптарға сәйкес келетін USB қуат блогын пайдаланыңыз. USB қуат блогының пайдалану бойынша нұсқаулығын қараңыз. Ұсынылатын қуат блогы: "Техникалық мәліметтер" тарауын қараңыз.
- Желілік кернеуге назар аударыңыз! Ток көзінің кернеуі штепсельдік қуат блогының фирмалық тақтайшасындағы мәліметтерге сәйкес келуі тиіс.
- Аккумуляторды тек +10°C және +35°C аралығындағы қоршаған орта температурасында USB порты арқылы зарядтаңыз. Температуралар диапазонынан тыс зарядтау нәтижесінде аккумулятор зақымдалуы немесе өрт қаупі артуы мүмкін.
- Литий-иондық батареялар халықаралық тасымалдау режерелеріне сәйкес ішінара зарядталған күйде жеткізіледі. Аккумулятор өнімділігін қамтамасыз ету үшін оны ең бірінші рет пайдаланбай тұрып толық зарядтаңыз.
- USB Type-C® ұясының (11) қақпағын ашыңыз.
- USB Type-C® ұясын USB кабелі (18) арқылы USB қуат блогымен байланыстырыңыз.
- USB қуат блогын электр желісіне жалғаңыз.
Заряд индикаторының (12) түсі | Мағынасы |
|---|---|
Сары | Литий-иондық аккумулятор блогы зарядталуда. |
Жасыл | Литий-иондық аккумулятор блогы толықтай зарядталған. |
Қызыл | Зарядтау кернеуі немесе зарядтау тогы жарамсыз. |
- Зарядтау процесі аяқталғаннан кейін, USB кабелін (18) шығарып алыңыз.
- Шаңнан және шашыранды судан қорғау үшін USB Type-C® ұясының (11) қақпағын жабыңыз.